RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда кене шаққан 2 мыңнан астам адам көмекке жүгінген

19.05.2026, 23:00 80

Бұл былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Зардап шеккендердің жартысына жуығы балалар. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Алматы маңы иксод кенесі кең тараған эндемиялық аумаққа жатады. Сондықтан мамандар қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы вакцина екенін айтады. Қазір мегаполисте кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Алмаш Ахметова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Ағымдағы жылы кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді. Осы науқастар ем қабылдауда. Екі жағдайда да науқастар Алматы облысының аумағында біреуі Талғар ауданында, екіншісі Түрген шатқалында демалуға барған кезде кене шаққан. Вакцина 16 жастан және одан асқан адамдарға кене энцефалитіне қарсы белсенді иммундау үшін көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz