Қазақстандағы тариф саясаты экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерге қарағанда анағұрлым оңтайлы.
Тариф жөнінен халықаралық сарапшы Асхат Жапсарбайдың айтуынша, елдегі орталықтандырылған жылу жүйесінің есебінен қызмет бағасы анағұрлым арзанға түседі. Өзге елдерде нысандар көбіне электр қуатымен жылытылады, сол себепті коммуналдық қызмет қымбаттырақ. Сәуірге дейін жарияланған мораторийдің аяқталуына байланысты, ендігі коммуналдық қызметтер тарифі инфляция шегіне қарай 9-10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Сарапшының пікірінше, мораторийдің дәл сәуір айында енгізілуі тегін емес. Бұл қалтаға түсер салмақты едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Жылу маусымы кезінде жұрт коммуналдық ақыға көбірек төлейтіні белгілі. Сондықтан тариф жаз мезгілінде көтерілсе, бұл жүктеме де біраз жеңілдей түседі.
Асхат Жапсарбай, тариф жөнінен халықаралық сарапшы:
- Мысалы, Германия, Данияны айтатын болсақ, ол жерде электр энергиясының тарифы 30-40,45 центке дейін жетеді. Бізде ҚР-да бұл 20-40 теңге болуы мүмкін. Яғни салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, біздің тарифтеріміз олардан төмен. ҚР-да тұтынушының 12-15% ға дейін табысының тарифтерге кететінін бәріміз білеміз, ОЭСР мемлекеттерімен салыстыратын болсақ ол 8-10% болады.
Айта кетерлігі, елдегі инженерлік желілерді жаңғырту үшін үкімет «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасын іске қосқан. Осылайша инвесторлар есебінен әлдемуеттік маңыздағы инфрақұрылым жаңартылады. Бұл алдағы уақытта жылу, су, электр қуатының үздіксіз жеткізіп, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, дейді сарапшы.
Тегтер #коммуналдық қызмет #тариф #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz