RU
Толық нұсқаға өту

Отандасымыз Америка тарихындағы қазақтан шыққан тұңғыш елші атанды

20.05.2026, 10:09 114

Қазақ қызы АҚШ дипломатиясында тарихи белеске жетті. 

Алматыда дүниеге келген Әсел Қалиқызы Робертс АҚШ-тың Словениядағы елшісі қызметіне Сенат тарапынан бекітіліп, Америка тарихындағы қазақтан шыққан тұңғыш елші атанды. Әсел Робертс  АҚШ Мемлекеттік департаментінде жиырма жылға жуық еңбек еткен тәжірибелі дипломат. Ол Вашингтонда бес бірдей президент әкімшілігі тұсында халықаралық саммиттер мен жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыруға атсалысқан. Ақ үйде вице-президент кеңсесінің Батыс қанатындағы операциялар директорлығын да басқарған. Сонымен қатар Мемлекеттік департаменттің Бас протокол қызметінде түрлі жетекші лауазымдарды атқарған. Дипломат Джорджтаун университетінің халықаралық қатынастар мектебін тәмамдаған. Қазақ, орыс және жапон тілдерін меңгерген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz