RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

20.05.2026, 12:14 94

Астанада 23–24 мамыр күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды «24KZ» 

Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағам түрлерін тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 23–24 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.

Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz