RU
Толық нұсқаға өту

Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды

20.05.2026, 13:24 64

Жол бойындағы бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдардағы апаттың саны азайған. 

Ресми дерекке сүйенсек, жол-көлік оқиғалары 20%-ға қысқарған. Қазіргі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан аркалардағы бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркейді. Олар құқық бұзушылық фактілерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Биыл жыл соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланып отыр. Жалпы биыл елдегі 8 900 шақырым республикалық автожолдарда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 3 400 шақырымы жаңартылса, 324 шақырымы күрделі, қалған 5 200 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі хабарлады. Жоспарланған жұмыстарды орындауға 12 мың бірлік арнайы техника, 25 мыңнан астам маман және 193 асфальтбетон зауыты жұмылдырылады. 

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі:

- Биылғы жұмыстар басталды. Оның ішінде 3400 шақырым қайта жаңғырту және 5200 шақырымы орташа жөндеу жұмыстары жасалады деп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz