RU
Толық нұсқаға өту
Фото: facebook.com/zhaksylyk.omar

Алты жылға сотталған Жақсылық Омардың үкімі өзгеріссіз қалды

20.05.2026, 14:22 86

ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Жақсылық Омардың апелляциялық ісі қаралды, деп хабарлайды «24KZ» YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы Жақсылық Омар Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Іс жәбірленуші мен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары негізінде қаралды. Олар тағайындалған жазамен келіспей, оны тым қатаң деп санаған.

Сот алқасы бірінші сатыдағы сот айыпталушының әрекеттерін дұрыс саралаған, ал жаза түрі мен мөлшері заң талаптарына қатаң сәйкес тағайындалған деген қорытындыға келді.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың талаптарына байланысты рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы нормалар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға қолданылмайды»,-деп түсіндірді прокуратура.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz