Маңғыстау облысында есірткі мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау дерегі анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында бекіре тұқымдас балықтарды, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 64 келіден асатын бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Кейін күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында қосымша 21 келіден астам балық, электронды таразы және жалпы салмағы 213 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тегтер #Маңғыстау облысы #полиция #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz