Елде жыл сайын мұрагерлікке қатысты 7 мыңға жуық азаматтық іс сотта қаралады. Олардың басым бөлігі – мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруге байланысты даулар.
Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтар мұра ашылған күннен бастап 6 ай ішінде нотариусқа өтініш жазуы тиіс. Алайда көптеген адамдар басқа елді мекенде тұратындықтан, денсаулығына немесе қаражатының жоқтығына байланысты заңды уақытты өткізіп алады,-дейді мамандар. Осы олқылықты жойып, азаматтардың құқығын қорғау үшін Жоғарғы Сот арнайы нормативтік қаулы жобасын қабылдады. . Енді мұрагерге басқа қалаға немесе ауылға сабылудың қажеті жоқ. Кез келген нотариусқа барып, өтінішін растап, құжатты пошта арқылы жібере алады.
Баян Тоқтарова, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
- Орташа алғанда елде жыл сайын мұрагерлікке байланысты 7 мыңға жуық азаматтық істер қаралады. Оның ішінде ең көп саны мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы. Мұраны қабылдау мерзімі ол заңда белгіленген. 6 айды құрайды. Осыны азаматтар білуі тиіс. Егер бұл мерзім дәлелсіз себептермен онда мұрагер өзінің мұрагерлік құқығынан айырылуы мүмкін. Мұрагер басқа жерде тұрған жағдайда оны мұра қабылдау тәртібін түсіндірдік. Мұрагерліктен шыққан мұрагерге де түсініктеме бердік.
Гүлнара Рысбекова, Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры:
- Халық ең алдымен сотқа емес, нотариусқа келеді. Өкініштісі, азаматтар 6 ай ішінде келу керек екенін білмейді. Құжаттары да толық болмайды. Ал біз нақты фактімен жұмыс істейміз, сондықтан куәлік беруден бас тартуға мәжбүрміз. Жоғарғы Сот бұл мәселені 2 жыл зерттеп, жаңа қаулы ұсынып отыр. Енді «заңды білмедім» деген сөз уақытты ұзартуға дәлелді себеп бола алмайтыны нақты айтылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Заң мен тәртіп #Жоғарғы СотPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz