RU
Толық нұсқаға өту

Биыл Астанада 25 апатты тұрғын үй сүріледі

20.05.2026, 19:30 37

Биыл Астанада апатты деп танылған 25 тұрғын үй сүріледі. Қала көркіне нұқсан келтіріп тұрған баспаналардың дені Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан.

Қазір онда 675 отбасы тұрып жатыр. Реновация бағдарламасына сәйкес, оларға жаңа пәтер беріледі. Тұрғын үй және Тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қазір елордада тозығы жеткен 206 тұрғын жай бар. Олар 2029 жылға дейін кезең кезеңімен бұзылады.

Былтыр бағдарлама аясында 22 үй сүрілді. Мамандардың айтуынша, баспананың тозу деңгейі 61 пайыздан асса, апатты деп танылып, комиссия қарауына шығарылады.

2026 ж.    25 апатты тұрғын үй сүріледі, 675 отбасы жаңа пәтерге қоныстанады

2025 ж.     22 тұрғын үй сүрілді

2024 ж.     33 тұрғын үй сүрілді

2023 ж.      4 тұрғын үй сүрілді

2023-2029 ж. реновация бағдарламасына сәйкес 206 ескі үй бұзылады

Тозу деңгейі     61% 

Ербол Ахметов, қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасына сәйкес, биыл бас қалада 675 пәтерлі 25 үй сүріледі. Қазіргі таңда ескі баспаналардың тұрғындарын көшіруге дайындық басталып кетті. Жалпы аталмыш жоба 2023-2029 жылдарға есептелген. Осы аралықта қала келбетіне нұқсан келтіріп тұрған 206 апатты үйді бұзу жоспарда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz