RU
Толық нұсқаға өту

Адам папилломасына қарсы екпе 14-17 жас аралығындағы қыздарға тегін салынады

20.05.2026, 19:50 49

Енді адам папилломасына қарсы екпе 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға тегін салынады. Тиісті қаулыға елдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды.

Бүгінге дейін бұл екпе түрін 11 мен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер ғана алған еді. Вакцина тек ата-ана рұқсатымен ерікті түрде егіледі. Алғашқы дозаны алғандар екіншісін 6 айдан кейін қабылдайды. Адам папилломасы вирусы  – жатыр мойны обыры, жыныс мүшелері қатерлі ісігінің дамуына себеп болатын вирус. Оның 200-ден аса түрі бар. Сондықтан аурудың алдын тек вакцина арқылы алуға болады дейді, - мамандар.

Нарғыз Мұратова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- АПВ-ға қарсы  вакцина жатыр мойын обырының және попилома вирусын тудыратын басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды. Сондықтан АПВ-ға қарсы вакцинаны уақытылы алу қажет. Вакциналау оқу жері бойынша немесе тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Вакциналау ата-аналардың келісімімен жүргізіледі.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, бұған дейін елде аталған вакцина 11–13 жастағы 398 мыңнан астам қыз балаға егілді. Екпеден кейін жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздарға адам папиломасына қарсы жоспарлы вакциналау жасалып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz