Биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт мерекесіне орай Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар бекітілді, деп хабарлайды «24KZ».
Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Құрбан айтқа қатысты негізгі ақпараттар жарияланды. Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де елорданың барлық мешітінде оқылады.
Сондай-ақ құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00 мен 18:00 аралығында тек арнайы бекітілген орындарда өткізілетіні хабарланды. Осыған байланысты Астанада бес арнайы алаң дайындалған.
• Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6;
• «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10;
• «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
• «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
• Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Ескерту, құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды.
Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.
Тегтер #Құрбан айт #Астана #арнайы алаң #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz