RU
Толық нұсқаға өту

Теміртауда жылу желілері жаңартылып жатыр

21.05.2026, 12:11 31

Теміртауда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қазір қаладағы орталық даңғылдың бірінде ұзындығы 1600 метр жылу магистралі ауыстырылып жатыр. Жалпы құрышты шаһардың инженерлік желілері үш жылда кезең-кезеңімен толық жаңартылмақ. Бұған қоса ескі қала аумағындағы жылу және электр станциясы жөнделеді.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Теміртау қаласында үш жылда 200 шақырымнан астам жылу желілерін жаңалау жоспарланған. Соның 50 шақырымнан астамы биыл істеледі. Жұмысты алдымен өткен жылу беру маусымында ақау шыққан учаскелерден бастау туралы шешім қабылданған.

Металлургтер даңғылы бойындағы жылу магистралінде өткен қыста ақау шығып, билікті әбігерге салған. Ұзындығы 800 метр болатын учаскеде  демонтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда ұзақ уақытқа шыдайтын құбырлар салынады.

Болат Ижанов, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Трубаларымыз теплоизоляционный, ППУ труба дейміз, сырты пластик, іші темір, сваркімен қосылады. Энергияны үнемдейді, жылуды сыртқа жібермейді, тұтынушыға жылу тезірек барады.

Теміртаудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 425 шақырым. Соңғы бес жылда 155 шақырымы ауыстырылды. Қалған ескі құбырлар 70 пайызға дейін тозған. Әсіресе тұрғын үйлер аумағына тарайтын ішкі желілер ескі.

Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Біз енді басты, магистральдық жылу желілеріне көңіл бөлген болатынбыз. Сондықтан оның апаттық жағдайын едәуір төмендеттік. Яғни 2021 жылдары апаттың жағдайы 90 болатын болса, биылғы жылу беру маусымында 16 апат қана болды. Оның өзі үлкен жетістік деп олаймын. Алайда бізде кварталлішілік желілердің үлкен тозуы байқалады. Сондықтан осы ұлттық жоба аясында ең басты мақсат-кварталлішілік желілерге көңіл бөлетін боламыз.

Бұған қоса қаланың ескі үйлер аумағын жылу және тоқпен қамтамасыз ететін станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынды. Қазір №9 қазандық сақадай сай. Тағы екеуі және турбиналар күзге дейін жөнделеді.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz