Бүгін 21 мамыр – әскери ұшақтардың ұшуын қамтамасыз ететін инженерлер мен авиациялық техниктердің кәсіби мерекесі.
Күрделі техниканың тілін тауып, елдің әуе шебінің әлеуетінің артуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі ерен. Қазақстан Қарулы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жүйесі 1993 жылы басталды. Бүгінде бұндай жауапкершілігі жоғары кадрларды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Биыл заманауи қазақ әскерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелері құрылғанына 33 жыл толуын атап өтуде.
Ертай Кемеров, әскери бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары:
- Инженерлік техникалық құрам мамандары күн сайын авиациялық техниканы тексеріп, оған қызмет көрсетеді. Авиация қателікті кешірмейді. Мұнда әрбір бөлшек, әрбір тексеріс және қабылданған әрбір шешім маңызды. Инженерлік мамандардың мәртебесін көтеру және олардың еңбегін дәріптеу мақсатында Қорғаныс министрінің бұйрығымен 21 мамыр инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманың күні болып бекітілді.
Тегтер #мамыр #инженер #авиация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz