RU
Толық нұсқаға өту
Фото:Туыстарынан алынған фото

Адам ұрлау мен зорлық: Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты СІМ тың дерек айтты

21.05.2026, 16:07 29

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған 22 жастағы қазақстандыққа қатысты істің жаңа мән-жайын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, сот үкімі 18 наурыз күні шыққан. Бірінші инстанция соты Қазақстан азаматын ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар оған айыппұл салынған.

СІМ мәліметінше, қазақстандық 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі ретінде өтіп жатыр.

«Аталған қылмыстық іс адам ұрлау және заңсыз бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу секілді ауыр қылмыстар санатына жатады», – деді Ерлан Жетібаев.

Қазіргі уақытта сот үкіміне апелляциялық шағым түсірілген. Сондықтан шешім әлі заңды күшіне енбеген.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Дубайдағы елшілігі мен Бас консулдығы азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын және істі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Бұған дейін ведомство өкілдері экстрадиция мәселесі әзірге қарастырылмайтынын айтқан еді. СІМ вице-министрі Әлібек Бақаевтың сөзінше, алдымен сот процесі толық аяқталуы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz