RU
Толық нұсқаға өту

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

21.05.2026, 16:06 23

Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Президенттің сөзінше, мәдениет – халықтың болмысы мен рухани тірегі, ал өнер адамдары қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев елде ауқымды әрі жүйелі реформалар жүзеге асып жатқанын айтты. Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңызды қадам болғанын, ал мәдениет саласын қолдау енді мемлекеттің конституциялық міндетіне айналғанын жеткізді. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Соңғы бес жылда мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысы екі есе өсті. Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі де екі есе көбейеді. Былтыр елімізде 61 мәдениет нысаны салынып, 250-ден астам мекеме жөндеуден өтті. Сонымен қатар Президент бірқатар мәдени мекемеге жаңа мәртебе беру туралы ұсынысын айтты. Атап айтқанда, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияға «Ұлттық» мәртебе беру, ал Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына «Академиялық» мәртебе беру орынды екенін жеткізді. Мемлекет басшысы бұл өнер ұжымдарының ел руханиятын дамытуға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz