Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік (LRT) нысандарын тексерді, деп хабарлайды «24KZ».
Жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы басты назарда болды.
Тәртіп сақшылары вагондарды, станцияларды және техникалық жүйелерді қарап шықты. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына жасалған жағдайлар зерделенді.
ІІМ мәліметінше, LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ведомство жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Ведомство өкілдері LRT жобасының іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті. Жаңа көлік желісі тұрғындардың қала ішінде жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Тегтер #LRT #24жаңалықтар #24KZ #ІІМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz