RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топ: Павлодарда түсті металл ұрлағандар ұсталды 

21.05.2026, 17:43 29

Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан ұрлық жасады деген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық полиция департаменті қызметкерлері Ақсу қаласында өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлады деген күдікке ілінген, 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. 

Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспар құрып, түнгі уақытта өнеркәсіп нысанының аумағынан түсті металды жасырын түрде ұрлап отырған. Ұрланған мүлікті тасымалдау үшін автокөлік пайдаланылған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады, — делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілді. Тінту барысында байланыс құралдары мен қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деген күдік тудырған көлік құралдары тәркіленді. Сонымен қатар ұрланған мүлікті өткізген орын анықталды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта олардың өңір аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz