RU
Толық нұсқаға өту

Мәжіліс әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жөніндегі құжатты жұмысқа алды

21.05.2026, 17:53 22

Кейбір қазақстандықтардың айыппұлдары кешірілуі мүмкін. Мәжіліс «жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кірісті. 

Ол әкімшілік және қылмыстық істердің біршама бөлігіне қатысты болмақ. Құжатқа сәйкес зиян келтіруге әкеліп соқпаған әрі келтірілген шығыны толық өтелген азаматтардың жауапкершілігі кешіріледі. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылады. Депутаттардың айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі үшін салынған айыппұлдарға рақымшылық жасалады. Яғни қауіпсіздік белдігін тақпаған және рөлде телефонмен сөйлескендердің айыппұлы амнистияға жатады.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жеке тұлғаларға және кәсіпкерлерге салынған айыппұлдар. Қазірге дейін салынған айыппұлдардың көлемі 1,8 млн. Сомасы 36 млрд теңгеге жуық. 1,8 млн айыппұлдың басым бөлігін полиция салған. Оның ішінде түрлісі бар, мысалы: жерге түкіргендер бар, мас күйде ұсталғандар бар. Алайда 90 пайызы – жол ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдар. Барлық айыппұлдар жаза 17 наурызда, Конституция қабылданғанға дейін жасалған болса, амнистияға жатады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz