Былтыр шетелде құлдыққа түскен 40 қазақстандық елге қайтарылды. Олар халықаралық адам саудасының құрбаны болғандар.
Қазір зардап шеккендерге құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы Қазақстанда адам саудасына қатысты жаза барынша қатаңдады. Биыл күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңға сәйкес енді қылмыскерлердің жәбірленушімен өзара татуласуына үзілді-кесілді тыйым салынған. Сондай-ақ интернет арқылы азғындықты ұйымдастырғандар мен оны заңсыз жарнамалағандар тікелей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. БҰҰ-ның Палермо қағидаттарына сай әзірленген құжаттың алғашқы нәтижелері елордада талқыланды. Жиынға Парламент депутаттары, күштік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде құрбандарды қорғау тетіктерін жетілдіріп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан «Ұлттық баяндамашы» институтын енгізу мәселесі қаралды.
Станислав Василенко, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
- Қазақстандықтардың құлдыққа түсу фактілері әлі де бар. Олар негізінен Таяу Шығыс елдері, яғни Бирма мен Вьетнамда осындай жағдайларға тап болады. Былтырдың өзінде консулдық қызметкерлерінің көмегімен 40-тан астам отандасымызды елге қайтардық.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Интернетке жауапкершілікті күшейттік. Сондай жарнама жасаса, кәмелетке толмаған балаларды сол тіпті қолданып жасаған нәрселерге, нақты тек жыл бас бостандығынан айырылады. Үш жыл 200-ден аса осындай қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл көп па, аз ба, айта алмаймыз, бірақ проблема бар. Өйткені осы проблеманы қоғамда қайта-қайта көтере бермесе, ол көлеңкеге айналып кеткен. Кейде кісілер қалай құлдыққа түсіп қалғанын, қалай шығатынын білмей қалады.
Тегтер #құлдық #шетел #Заң мен тәртіп #адам саудасы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz