RU
Толық нұсқаға өту

Суару маусымына дайындық шаралары жүріп жатыр

21.05.2026, 23:07 20

Елде су тапшылығы қаупін азайту мақсатында 1840 шақырым ирригациялық канал тазартылды. 

680 шақырым ирригациялық желі жаңғыртылып, 375 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары хабарлады. Қазіргі таңда дала диқандарының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазсушар» филиалдары 181 сорғы агрегатын дайындады. Бұдан бөлек, ең күрделі учаскелерде пайдаланылатын тағы 92 сорғы сатып алу жоспарда бар. Мысалы, «Достық» мемлекетаралық каналында 8 агрегаттан тұратын үш сорғы станциясын пайдалану көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz