RU
Толық нұсқаға өту

Комплаенс қызметін жетілдіру маңызды

21.05.2026, 23:36 24

Қарағанды облысының квазимемлекеттік секторында 200-ден астам субъект жұмыс істейді. 

Бүгінде бұл сала ел экономикасының маңызды бөлігі болғандықтан ұйымдарда комплаенс қызметін жетілдіру маңызды. Бұл – компанияның жұмысы заңнамалық талаптарға, ішкі ережелерге және этикалық нормаларға сай болуын бақылайтын арнайы бөлім. Комплаенс қызметінің жүйелі жұмысын қалыптастыру жөніндегі мәселелер облыстық форумда талқыланды. Жиынға қатысушылар жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, адалдық мәдениетін қалыптастыру туралы пікірлерін ортаға салды. Ресми мәліметтерге сәйкес 2025 жылы мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтар мен бағаны негізсіз көтеру фактілері анықталып, 29 миллиард теңгеден астам қаржыны құраған.

Жандос Сәрсен, облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы:

- Осы комплаенс қызметі жай әшейін формалды қызмет емес, осы ұйымдарда, мекемелерде коррупциогендік тәуекелдерді алдын ала анықтайтын, соларды болдырмайтын ұйымның ішіндегі ашықтық пен жауапкершілік деңгейін көтере алатын құрал ретінде көргіміз келеді. Сондықтан да бүгін ашық талқылау алаңы ретінде өтті деп санаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz