RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қылмыскер 19 жылдан кейін ұсталды

22.05.2026, 10:10 106

Ақмола облысында полицейлер осыдан 19 жыл бұрын жасалған ұрлықты ашты. Күдіктіні саусақ іздері арқылы табу мүмкін болды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс 2007 жылдың қарашасында Атбасар қаласында болған. Жергілікті шаруа қожалығы басшысының гаражда тұрған көліктің ішінен 300 мың теңге ұрланған, бұл сол уақыттың өлшемімен алғанда қомақты сома еді.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, қылмыстың ізін суытпай күдіктіні анықтау мүмкін болмаған еді.

Криминалистер оқиға орнын алғашқы тексеру кезінде саусақ іздерін алып, оларды мәліметтер базасына енгізген. Ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс ашылмай келген, алайда материалдар есепте сақталып тұрған.

2024 жылдың көктемінде Атбасар жедел уәкілдері болжамды қылмыскердің жаңа ісінен кейін оның ізіне қайта түскен. Ер адам есірткі қылмысына қатысты полицияның назарына іліккен. Тергеу амалдары барысында одан қайтадан саусақ іздері алынды.

Тексеру нәтижесінде оның саусақ іздері осыдан 19 жыл бұрын ұрлық болған жерде қалған іздермен толық сәйкес келген. Ер адам кінәсін мойындаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz