Қазақстанның көші-қон жүйесі біліктілігі жоғары мамандарды тартуға қолайлы. Халықаралық сарапшылар елдегі миграция саясатына оң баға беріп отыр.
Бүгін Астанада талантты әрі жоғары сұранысқа ие мамандар мен инвесторларды тартудың тиімді тетіктері талқыланды. Мәселен, «Алтын виза» бағдарламасы еңбек нарығында тапшы мамандарды шеттен алдыруға мүмкіндік береді, - дейді сарапшылар. Қазақстанда бүгінде 16 мың 700 еңбек мигранты арнайы квотамен жұмыс істеп жүр. Айта кетерлігі, биыл шетелдік жұмыс күшінің квоталық үлесі елдегі жұмысшылардың 0,3 пайыздайын құрайды. Олар әр өңірдің өндірістік қажеттілігіне қарай тартылған. Ал Астана мен республикалық маңыздағы қалаларға бекітілген квота 24 мыңнан асады.
Нұрлан Байғабылов, әлеуметтанушы:
- Қазіргі көш-қондағы өзгеріске байланысты негізгі назар цифрлық бағыттағы айти мамандарына қатысты және де тағы да мән беретін бизнес идеяларымен экономикалық кәсіби бағытында мамандарға назар аударылуда.
Әлия Белоносова, Миграция жөніндегі халықаралық ұйым бағдарламасының офицері:
- Қазақстан біліктілігі жоғары мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасап жатыр деп ойлаймын. Оның ішіндегі маңызды шараларының бірі - елге кіру мен елден шығу процедурасын жеңілдетуі. Елдегі миграциялық тәртіп пен ереже айқын әрі түсінікті болса – шетелден білікті еңбек мигранттарын тарту қиынға соқпайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #миграция #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz