RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан бельгиялық кәсіпкерге іздеу жариялады

22.05.2026, 14:45 90

Қазақстанның Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы 2026 жылғы 22 мамырда ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпараттан белгілі болды.

ҰҚК деректеріне сәйкес, Фрэнк Джозеф Монстрей 1965 жылғы 22 сәуірде туған, шетел азаматы.

«Іздеуде 2 күн. Іздеу ісі 2026 жылғы 20 мамырда «Астана» өңірінде тіркелген. Бастамашы: ҚР ҰҚК. Іздеуді жүргізуші орган: ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі», – делінген порталдағы ақпаратта.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Фрэнк Монстрей – Бельгиядағы ең ықпалды инвесторлардың бірі, бұрынғы мұнай магнаты. 2004 жылы ол Nostrum Oil & Gas мұнай компаниясын (бұрынғы атауы Zhaikmunai, Ұлыбританияда штаб-пәтері орналасқан тәуелсіз халықаралық мұнай-газ компаниясы) сатып алған. Компания Қазақстанның солтүстік-батысында көмірсутектерді барлау, өндіру және игерумен айналысады. 2011 жылы Монстрей компанияны Лондон қор биржасына шығарған, ал 2017 жылы барлық акцияларын сатқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz