RU
Толық нұсқаға өту

Тұтынушылар құқығы қорғалып, ₸405 млн қайтарылды

22.05.2026, 15:10 43

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 22 мыңнан астам өтініш қаралды. Олардың 32%-ы қанағаттандырылды.

Биыл үш айдың өзінде түрлі тексеріс нәтижесінде 405 млн теңге өндірілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті хабарлады. Сонымен қатар 7200 өтініш бойынша құқықтық көмек берілді. Азаматтарды сапасыз өнімдерден сақтау үшін «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылған. Оның аясында жыл басынан бері 363 түрлі өнім тексеруден өткізілді. Соның жартысыан түрлі заңбұзушылықтар анықталды. Олқылықтардың 77% таңбалау талаптарына қатысты болса, 23% санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауына байланысты болды. 

Болат Танабергенов, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

- Биылғы жылдың І тоқсанында аумақтық департаменттер мен кәсіпкерлік субъектілеріне 308 тексеру жүргізілді. Мемлекеттік бақылау нысандарының ең көп саны Астана және Алматы қалаларында, Түркістан облысында, Алматы облысында. Тексеру қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 12 млн теңгеге 430 әкімшілік іс қозғалды. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 3 айында жалпы сомасы 405 млн теңгеге тұтынушылардың құқықтары (қайтару, айырбастау, ауыстыру) қорғалды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz