Атырау облысының прокуратурасы білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Қадағалау органы араласқаннан кейін Исатай ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектепке дейінгі ұйымдардың жүзге жуық қызметкеріне зейнеткерлікке шығуына байланысты заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдер төленді.
«Зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек шарттары тоқтатылған бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын заңнамада көзделген міндетті өтемақы төлемдері төленбеген», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде аталған зейнеткерлерге тиесілі ақшалай қаражаттар толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Еңбекақы төлеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 7 тұлға ҚР ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Тегтер #Атырау облысы #прокуратура #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz