Астанада кейінгі бір жарым айда шамадан тыс жүк артқан 461 көлік иесі айыппұл арқалады.
Бұл бас қалада 1 сәуірде басталған күшейтілген көліктік бақылаудың нәтижесі. Рейдтік іс-шаралар аясында 6 жылжымалы көліктік бақылау бекеті жұмылдырылып, еліміздің 17 өңірінен қызметкерлер тартылды. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 110 млн теңгені құрады.
Нұрлан Ахан, ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің сарапшысы:
- Рейдтер басталғаннан бері 5798 автокөлік құралы тексеріліп, оның ішінде тек 461 жағдайда ғана заң бұзушылық анықталған, бұл тексерілген көліктердің жалпы санының шамамен 8%-ын құрайды. Тиісінше тексерілген автокөлік құралдарының 92%-дан астамы жүк тасымалын заңнама талаптарын бұзбай жүзеге асырған.
Тегтер #жүк көлігі #айыппұл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz