Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров елдің шығысындағы гарнизондарда жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді.
Ол жұмыс сапарында басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлықтың жаңа жүйесіне көшуге әзірлігін бағалады. Абай, Өскемен, Үшарал және Аягөз гарнизондарындағы құрамалар мен бөлімдердің жұмысымен танысты. Командирлердің жеке құраммен жүргізетін дербес жұмысының ролін күшейту, проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #Қазақстан #қорғаныс министрлігі #әскери #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz