RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде 80-ге жуық тұрғын үй бой көтереді

23.05.2026, 11:41 240

Өскемен қаласының сол жағалауында 80-ге жуық көпқабатты тұрғын үй мен жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. 

Олардың қатарында мың орындық екі мектеп, төрт балабақша, медициналық мекемелер желісі, оқушылар сарайы, спорт нысандары мен басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ведомство басшысы «Қазмырыш» кәсіпорнын, Үлбі металлургия және Өскемен арматура зауыттарын,  Өскемен титан-магний комбинатын аралап, өндіріс пен экспорттық әлеуетті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды. Сөйтіп, өңірдегі құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтап, өнеркәсіптік жобаларды іске асыру жөнінде тапсырма берді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz