RU
Толық нұсқаға өту

Төрт мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

23.05.2026, 14:58 24

Қазақстан Қарулы күштерінің төрт мыңнан астам жауынгері Отанға адал қызмет етуге ант берді. 

Салтанатты шара Тараз, Гвардейск, Жаркент, Абай, Ақтау, Атырау, Бейнеу және Ақтөбе гарнизондарындағы «Оңтүстік», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының 19 әскери бөлімінде өтті. Айтулы күнде жас сарбаздарды қолдауға әскери қолбасшылар, Қарулы күштер ардагерлері мен жауынгерлердің жақындары келді. Астанадағы «Отан Ана» монументі алаңында 68665 әскери бөлімінің 137 әскери қызметшісі әскери ант қабылдады. Барлық сарбаз жас жауынгер курсы барысында әскер тәртібіне бейімделіп, жауынгерлік дайындықтың бастапқы дағдыларын үйренді.

Абай Әлібеков, ҚР Қарулы Күштері 68665 әскери бөлімінің командирі:
- Бүгін біздің әскери бөліміміз үшін ерекше күн. Әскери бөліміміз жаңа құраммен толығып жатыр. Бұл
– арнайы операциялық күштердің Ерекше мақсаттағы бригадасы. 68665 әскери бөлімі ішіндегі үш бөлімшеге бөлінеді. 3-ші шабуылдаушы батальоны, Құрмет қарауыл ротасы және инженер-саперлік ротасы.

Ақмарал Төребекқызы, ата-ана:
- Балам Сұрағанов Айбол бүгін ант қабылдау сәтінде. Баламды осындай маңызды сәтінде қолдауға келіп тұрмыз. Әкесі, ағасы, отбасымызбен келдік. Өмірінде осы сәттің болғанын мақтанышпен айта аламын. Отан алдындағы, ата-ана алдындағы үмітін ақтайтын азамат болуына тілектеспін.

Сондай-ақ «Айбын», «Батыр» президенттік полктерінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы сарбаздар елдің барлық аймағы мен республикалық маңызы бар қалалардан іріктелді. Жауынгерлер ел тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға дайын екенін растайды. Елдің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 см-ден жоғары және 195 см-ден аспайтын, орта немесе жоғары білімі бар, денсаулығы жақсы кез келген азаматы Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қабылдана алады.

Диас Алмасұлы, ҚР МКҚ «Айбын» президенттік полкінің сарбазы:
- Семей қаласынан келдім. Ант қабылдау рәсіміне отбасым, ата-анам, қарындасым, бауырларым келіп отыр. Ант қабылдау
– өмірімізде бір рет берілетін ерекше сәт, әр ер азаматтың өтелетін борышы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz