Үкімет өңірлердегі экологиялық туризм жобаларын жүзеге асыру бойынша бақылауды күшейтіп жатыр.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен резерваттар аумағында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі кеңесте айтылды. Жиынға Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің басшылығы қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша жобаларды іске асыруды жеделдету, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмыстардың барысына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #үкімет #туризмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz