RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында 170 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады

24.05.2026, 09:33 38

Елде балалардың жазғы тынығу лагерьлерін лицензиялау енгізілді.

Енді қауіпсіздік, тамақтану сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі қатаң бақыланады. Жазғы маусымда Қызылорда облысында 8 қала сыртындағы және 290-нан астам мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Бұл демалыс орындарының дайындығы қалай? 

Жаз бойы өңірде 291 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Мұнда оқушылар үшін зияткерлік байқаулар, спорттық жарыстар мен тарихи-киелі жерлерге саяхаттар ұйымдастырылмақ. Осындай демалыс орындарының қатарында №2 Абай атындағы мектеп те бар. Мұнда 100-ге жуық баланың жазғы демалысын қызықты өткізу жоспарланған. 

Айгүл Өткелбаева, №2 Абай атындағы мектептің директоры:

- Біздің мықты деген тәрбиеші ұстаздарымыз, сабақ беретін болады. Түрлі-түрлі кружоктар, қосымша, білім беру, тәрбие бағытында жұмыстар жүргізілетін болады. 

Сонымен қатар аймақта «Танымдық-шығармашылық академия» жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында балалар бір ай бойы өздері қалаған үйірмелерге тегін қатыса алады.

Жанар Бимұратқызы, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясының директоры:

- Біз жұмысты екі ауысымда ұйымдастырамыз. Таңертең бастауыш сыныптарды, түстен кейін жасөспірімдерді қабылдаймыз. Бұл бізге барынша көп баланы қамтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық және өнер бағыты, спорт бағыты және IT бағыты және пәндік бағыттар бойынша. 

Мамандардың айтуынша, аймақтағы барлық балалар лагері қазіргі уақытта лицензиялаудан өтіп жатыр. Қауіпсіздік пен дайындық шаралары жіті бақылауда.

Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Облыстағы жеті лагерьдің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 76 миллион теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда толық дайындықтан өтуде. Бірінші маусым Балаларды қорғау күні облыс бойынша барлығы сегіз балалардың тынығу лагері жұмыс жасайды. Ол сегіз лагерьде біз жаз бойы 9000 баланы, қамтитын боламыз.

Жалпы өңірде 179 мыңға жуық оқушы бар. Биыл олардың 96 пайыздан астамы жазғы демалыспен қамтылады. Оқушылардың бір бөлігі еліміздің өзге өңірлеріндегі лагерьлерге де саяхаттайды.

Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz