RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдіктер Димашты туған күнімен құттықтады

24.05.2026, 19:14 28

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарман қауым қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің туған күнін атап өтіп жатыр. 

Бүгін ұлт мақтанышы 32 жасқа толды. Осы айтулы күнге орай Бельгиядағы жанкүйерлері Қазақ мәдени орталығында бас қосып, сүйікті әншісіне жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Шара барысында олар Димаштың шығармашылығына құрмет білдіріп, оның әлемдік музыка кеңістігіндегі ерекше орнын атап өтті.

Жанкүйерлер елшілік ұйымдастырған іс-шаралардан қалмай, қолдау білдіреді. Қазақша өлеңдер оқиды, ән шырқайды. Олардың ендігі арманы – Димашты Брюссель сахнасынан көру. Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жанында жұмыс істейтін Мәдени орталықта қазақ тілін үйрену курстары және музыка үйірмелері бар. Димаштың жанкүйерлері орталықтың тұрақты мүшелері. Олар жексенбі сайын осында келіп, қазақ тілін меңгереді, домбыра тартып үйренеді. 

Уэнди Мхазек, Belgian Dears фан-клубының мүшесі:

- Мен Димашты өте жақсы көремін. Оған ұзақ ғұмыр тілеймін. Димаштың арқасында Қазақстанды таныдым. Бұрын елдеріңіз туралы ештеңе білмейтінмін. Ал қазір Қазақстанға екі рет барып үлгердім, тіпті қазақ тілін үйренуге тырысып жүрмін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz