Шалғай елді мекенге OneWeb геостационарлық емес спутниктік технологиясы арқылы қоғамдық Wi-Fi нүктесі орнатылды деп хабарлайды«24KZ».
Аталған жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бастаманы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолға алған. Жобаның негізгі мақсаты – талшықты-оптикалық желі тарту немесе мобильді базалық станция орнату тиімсіз шалғай ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету.
Мамандардың айтуынша, OneWeb спутниктік технологиясы инфрақұрылым тарту мүмкін емес аймақтарға жоғары жылдамдықты және тұрақты интернет ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде осы жоба аясында 328 ауыл интернетке қосылған.
Іс-шара барысында тұрғындар интернеттің тұрақты жұмысына көз жеткізіп, құрылғыларын Wi-Fi желісіне қосып, жылдамдықты тексерді. Сондай-ақ олар бейнеқоңырау арқылы еліміздің түрлі өңірлеріндегі және шетелдегі жақындарымен байланысқа шықты.
Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін байланыс тек шектеулі болған, ал енді интернеттің арқасында ақпаратқа қол жеткізу және жақындармен сөйлесу мүмкіндігі артқан.
Жоба шалғай ауылдарды цифрлық ортаға қосуды көздейтін маңызды бастамалардың бірі ретінде бағаланып отыр.
Тегтер #24KZ #Қостанай облысы #Басбек ауылы #24жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz