RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанада дамуында ерекшелігі бар баланы сегіз оқушы соққыға жыққан

25.05.2026, 12:37 58

Астанада мектеп оқушысы қатарластары тарапынан соққыға жығылды, деп хабарлайды  «24KZ».

Баланың анасы болған жағдай туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Оның айтуынша, ұлына сегіз оқушы сабақтан кейін әдейі күтіп тұрып шабуыл жасаған.

«Менің ұлымды мектепте ұрып кетті. Сегіз бала оны сабақтан кейін күтіп тұрған. Барлығы бір баланың достарының алдында өзін “крутой” етіп көрсеткісі келгені үшін болды. Ұлым сыныптан шыққан кезде оған артынан шабуыл жасап, тұншықтырып, ұра бастаған. Ұлыма 15-тен астам соққы жасалды. Қалғандары жанында тұрып, ешкім араша түспеуі үшін басқаларды ұстап тұрған», – деп жазды анасы.

Анасының сөзінше, баланың сөйлеу және психикалық дамуында кідіріс бар. Ең өкініштісі – ол өзіне не үшін мұндай қатыгездік жасалғанын толық түсінбеген.

Сондай-ақ әйел ата-аналарға үндеу жасап, балаларымен көбірек сөйлесуге шақырды.

«Өтінемін, балаларыңызбен сөйлесіңіздер. Оларға күштің агрессия мен өзгені қорлауда емес екенін түсіндіріңіздер. Себебі бүгін олар біреудің қайғысына күліп, видеоға түсіреді, ал ертең мұның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін», – деді ол.

Астана қаласының полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізіліп, мұндай жағдайларға жол бермеу және жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылауды күшейту мәселелері қаралған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz