RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

25.05.2026, 13:20 34

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты 31 мың оқушы үздік аяқтаса, 11-сыныпты бітіргендердің 18 мыңы үздік аттестат алуға үміткер. Елордадағы Ақан Құрманов атындағы нөмірі 17-ші мектеп гимназиясында Соңғы қоңырау шарасы өтті. Салтанатты жиында мұғалімдер мен ата-аналар қауымы түлектерге жылы лебіздерін жеткізді. Одан соң мазмұнды шара аталған білім ордасының оқушылары дайындаған мерекелік бағдарламаға ұласты. Содан кейін соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер қоштасу вальсін биледі.

Нұрзат Аманкелді, мектеп директоры:

- Бүгін біз мектебіміздің 199 түлегін құттықтаймыз. Оның ішінде 3 алтын белгі иегерлері бар. Әрине, алдағы уақытта бізде емтихан бар, ҰБТ бар және ЖОО дайындық бар. Соған түлектердің барлығын құттықтаймыз. Сәттілік тілейміз!

Амаль Донакова,  11-сынып оқушысы:

- Осы күн мен үшін өте ерекше. Өйткені бұл біздің мектеп бітірген күн. Сол үшін мен өте қуаныштымын. Барлық түлектерге мен емтиханды жақсы тапсыруын және ақ жол тілеймін! 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz