RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Елде техникалық паспорт ең көп берілген өңірлер аталды

25.05.2026, 15:02 45

Қазақстанда техникалық паспорт ең көп берілген өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ең көп алған өңірлердің рейтингі жасалды.

Тізімнің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда 101 439 техникалық паспорт берілген. Екінші орында Астана қаласы – 49 174, ал үшінші орында Шымкент қаласы – 35 458.

Сондай-ақ Түркістан облысында 19 478, Қарағанды облысында 18 887 техникалық паспорт рәсімделген.

Айта кетейік, көлік құралын тіркеу туралы куәлік автокөліктің тіркелгенін растайтын негізгі құжаттардың бірі саналады. Қазіргі уақытта техникалық паспорт беру құны 1,25 АЕК немесе 5 406 теңгені құрайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz