RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

25.05.2026, 15:20 53

2026 жылғы 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекеттік күзет қызметі Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық және оларды өткізу аясында астаналықтарға қауіпсіздік шаралары күшейетінін ескертті. 

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар, аталған күндері Астана қаласы аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz