RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Видеодан алынған кадр

Атыраудағы трагедия: Сұлтан мен Ақбаянның балалары жантүршігерлік оқиға туралы білмейді

25.05.2026, 15:45 50

Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның кәмелетке толмаған 5 баласы бар. Бүгінде олардың төртеуі облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын паналап отыр.Бүлдіршіндер әлі күнге дейін ата-анасы  туралы шындықты білмейді, деп хабарлайды «24KZ» Kursiv Media-ға сілтеме жасап.

 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Гиниятованың айтуынша, балалар мұнда әртүрлі уақытта жеткізілген. Үш бала орталыққа ақпанның 2-сі күні келсе, ең кенжесі сәуір айында орналастырылған.

«Сұлтан мен Ақбаянның 9, 8, 5 және 3 жастағы балалары қазір біздің орталықта. Олардың үшеуі қыз, біреуі ұл бала. Балалар отбасында болған жан түршігерлік оқиғадан мүлдем бейхабар. Орталық табалдырығын аттаған кезде біз оларға "ата-аналарың ауруханада емделіп жатыр", деп айттық. Ал ата-әжесінің немерелеріне бұл жағдайды қалай жеткізетінін білмейміз, бірақ олар балаларға жиі келіп тұрады», — дейді орталық басшысы.

Орталық әкімшілігінің мәліметінше, қазіргі уақытта бүлдіршіндердің жағдайы тұрақты. Мамандар олардың білім деңгейін тексеріп, орташа деп бағалаған. Балалармен психологтар мен тәрбиешілер жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Атырауда болған жантүршігерлік  оқиға қоғамды дүр сілкіндірген болатын. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының  тағдыры қазір құзырлы органдардың бақылауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz