Алматыдағы Ядролық физика институты еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр.
Жақында нейтрондарды зерттеу саласындағы әлемдегі жетекші орталықтардың бірі Франциядағы Лауэ–Ланжевен институтымен бірлескен жобаны іске асырады. Бұл ұйым Қазақстанға заманауи ғылыми құралдар кешенін ұсынуға дайын. Сонымен қатар институттың инженерлік-техникалық қызметкерлері де қазақстандық мамандардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды. Лауэ–Ланжевен институтының директоры Кен Андерсонның айтуынша, екі тарап Францияның GRANIT эксперименттік қондырғысын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол жеткізді. Бұл эксперименттік ядролық реактор ультрасуық нейтрондармен іргелі зерттеулер жүргізуге арналған. Бірлескен жоба іргелі физика, баяу нейтрондар физикасы, материалтану, инженерлік зерттеулер саласында тың серпін береді. Оған қоса өнеркәсіптік диагностика мен кадрлар даярлауға оң әсер етпек.
Кен Андерсон, Лауэ–Ланжевен институтының директоры /Франция/:
– Біз зерттеу қондырғыларымызды қазақстандық ғалымдардың қажеттілігіне қарай бейімдей аламыз. Бұл олардың жұмысының тиімділігін арттырады. Әсіресе іргелі ғылымға пайдасы мол. Материалтану мен энергетика саласын дамытуға ықпал етеді.
Саябек Сахиев, ядролық физика институты" РМК бас директоры:
- Бұл халықаралық ұйым. Ал сол ұйымға Қазақстан Алла жазса он алтыншы мемлекет болып кіреді. Содан бастап ондағы әлемдегі теңдессіз 43 қондырғыны Қазақстанда пайдалануға мүмкіндіктері бар және осы ғалымдарды біздің зерттеу реакторларына әкеліп, олардың тәжірибесімен бөлісіп, біздер де оларға мүмкіндік ашып беруге дайынбыз.
Тегтер #Елімізде #ядролық #физика #Еуропа #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz