Айта кетейік, Астанада құрбандық шалуға арналған орындар белгіленді. Биыл Құрбан айт мейрамы 27-29 мамыр күндері өтеді.
Ал айт намазы елордадағы мешіттерде ертең таңғы 06:00-ден бастап оқылады. Айт намазынан кейін кешкі 18:00-ге дейін арнайы белгіленген орындарда құрбандық шалуға рұқсат. Бұл орындар «Шанхай», «Баракат», «Жайлау» базарлары және «Шәушен» шаруа қожалығы мен Алматы ауданындағы ет цехында орналасқан. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz платформасын іске қосты.
Тегтер #Астана #құрбандық шалу #Құрбан айт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz