RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Ресей тауар айналымы

26.05.2026, 09:17 30

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс 27 млрд доллардан асты. 

Басым бөлігі импортқа тиесілі. Яғни экспорт көлемі 8 млрд доллардан артса, импорт 19,2 млрд долларға жетті. Сауда-саттықтағы тауарлардың негізгісі – тау-кен-металлургия, ауыр өнеркәсіп өнімдері. 

Былтыр солтүстіктегі көршіміз 1,2 млрд долларға уран сатып алды. Экспортталған легирленбеген болат прокатының жалпы құны 480 млн долларға жуықтады. Ал үштікке енген алюминий оксиді мен гидрооксидінің құны 341,8 млн доллар болды. Импорттық тауарлар көшін 841,6 млн долларға сатып алған табиғи газ бастады. Бұдан бөлек, тауарлар үштігіне кірген алтын және мұнай өнімдерінің әрқайсының жалпы сомасы 700 млн доллардан асты. 

Екі ел арасындағы сауда-саттық биыл да өсті. Қаңтар-наурыз айларында тауар айналымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайыздан аса ұлғайды. Яғни 6,46 млрд долларға жетті. Экспортқа келсек, үш айда 1,5 млрд доллардың тауары Ресейге жөнелтілді. Ал импорт 4,96 млрд долларға жетті. 

Экспорт тауарларының көшін жалпы құны 130 млн доллардан асқан болат прокаты бастады. Сондай-ақ темір кені мен концентраты және алюминий өнімдері Ресей көптеп сатып алған тауар қатарынан орын алды. Импорттық тауарлар туралы айтсақ, бұлардың қатарында табиғи газ, уран, алтын және мұнай өнімдерінің көлемі басым. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz