Талдықорғанда із-түзсіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Бүгін таңертең 7 жасар баланың денесі Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды «24KZ».
Жетісу облыстық полиция департаменті баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын хабарлады. Оның жоғалу және қаза болу себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр
Ведомство қаза тапқан баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ересектерді балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуға шақырды.
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Ересектердің қырағылығы мен қамқорлығы қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», - делінген полиция үндеуінде.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz