Қазақстанда 305 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ»
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамту деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір елімізде 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – жалпы санының 34,6%-ы. Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу міндеті қойылған.
Елімізде 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Оларда 305 мыңнан астам бала қамтылған.
526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады. 16 облыстық мектеп-интернатта 6 441 тәрбиеленуші білім алуда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #балалар спорты #үкімет #Ербол МырзабосыновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz