Қазақстанда қой еті соңғы жылдары айтарлықтай қымбаттап отыр. Сарапшылардың мәліметінше, Кеңес Одағы кезінде елде 34,6 млн қой мен ешкі болған болса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 23,17 млн басқа дейін азайған, деп хабарлайды «24KZ» экономист Ерлан Каримовтың сараптамасына сүйеніп.
Экономист Ерлан Каримовтың айтуынша, қой еті бүгінде тек азық-түлік емес, сонымен бірге инфляция мен ауыл шаруашылығының жағдайын көрсететін маңызды индикаторға айналған. 2025 жылы қой етінің бағасы 29%-ға өскен. Ал соңғы 25 жылда ет бағасы 14 еседен астам қымбаттаған.
Қазір бір тонна қой еті шамамен 1,3 млн теңге тұрады. Ал тірі қойдың орташа бағасы 86 мың теңгеден асады.
Бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр: жем-шөп пен логистика қымбаттауы, өндірістің ұзақ әрі шығынды болуы, сондай-ақ ішкі нарықтағы делдалдар мен маусымдық сұраныс.
Сонымен қатар Қазақстанның БАӘ сияқты елдерге ет экспорттауы да ішкі нарықтағы ұсынысқа әсер етуде. Кей жағдайда экспорт бағасы ішкі нарықпен салыстырғанда төмен болады, себебі келісімшарттар ірі көлемде және ұзақ мерзімге жасалады.
Сарапшылар бағаны тұрақтандыру үшін экспортты реттеу, фермерлерді қолдау, жем-шөпке субсидия беру және нарықты цифрлық бақылау сияқты шараларды ұсынады.
Тегтер #Қой бағасы #экономика #сарапшы пікірі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz