Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».
2026 жылғы 26 мамыр күні Павлодар қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Әсет Альтаир «Математика-География» пәндер комбинациясын таңдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырды. Ол бес пән бойынша ең жоғары 140 балды жинады. Альтаир – Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі.
«Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University-не «Менеджмент» мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», – деді Әсет Альтаир.
Естеріңізге сала кетсек, негізгі ҰБТ-ның екі аптасында 92 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды 65% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Павлодар облысы #талапкер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz