Енді кім көрінген косметологиялық қызмет көрсетуге лицензия ала алмайды. Рұқсат алу үшін әрбір субъект медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы қажет.
Сондай-ақ клиникалар әр 5 жыл сайын лицензияларын дәлелдеп отыру керек. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы заңға осындай өзгеріс енгізу жұмыстарын пысықтап жатыр. Мекемелерге қойылатын талаптар бекітілсе, онда құжат Парламент қарауына жіберіледі. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық комитеттің төрағасы мәлімдеді. Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, ел бойынша пластикалық операция жүргізуге рұқсаты бар 295 клиника жұмыс істейді. Оның 247-сі жеке меншік, 48-і мемлекеттік мекеме.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:
- Бізде арнайы е-лицензия порталы бар, сол бойынша тексерген кезде 295 клиника жұмыс істейді. Соның 240-тайы жеке меншік клиникалар. Соңғы 5 жыл ішінде арнайы анализ жасаған кезде жалпы осындай пластикалық хирургия клиникаларына шағым түсу бойынша 92 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Енді тексерістердің нәтижелері әртүрлі, оны былай айтуға болмайды. Кейбір жағдайда өлім жағдайы тіркелген жағдайлар да бар.
Косметологиялық мекемелерге бақылаудың күшеюі – соңғы кездегі өлімнің жиілеуімен байланысты. Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Алматыдағы косметологиялық клиникалардың бірінде әйел мерт болған еді. Кейін маңғыстаулық ер азаматтың пластикалық операция кезінде көз жұмғаны жарияланды.
Бауыржан Жүсіпов, ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:
- Алматы қаласындағы мәселе бойынша қазір тексеру тіркеліп жатыр. Жақын арада арнайы біз клиникаға тексеріске шығамыз. Арнайы мамандарды, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен комиссия құрамын бекіттік. Маңғыстау облысы бойынша, ол бойынша тексеріс алдында болған. Өйткені шағымданушы есебінен тексеру мәселесін жүргіздік, жергілікті жердегі Маңғыстау облысы департаменті. Қазіргі таңда материалдардың бәрін арнайы құқық қорғау органдарына, прокуратураға жібердік.
Тегтер #Заң мен тәртіп #косметология #клиника #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz