RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында прокурорлар медицина қызметкерлеріне араша түсті

26.05.2026, 15:52 45

Атырау облысы Қызылқоға ауданының прокуратурасы аудандық ауруханада заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Мекеме 2025 жылы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды қамтамасыз етпеген.

Соның салдарынан 520 медицина қызметкері жұмыстарын  тиісті сақтандырусыз жүзеге асырып келген.

Сақтандырудың болмауы өндірістік жарақат немесе басқа төтенше жағдай орын алған кезде жұмысшыларды заңнамамен көзделген өтемақы төлемдерінен және әлеуметтік кепілдіктерден айыру тәуекелін тудырады.

Прокурорлар медқызметкерлердің еңбек және конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz