Елде коучтардың кәсіби стандарты бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған құжат 8 бағытты қамтиды.
Онда бизнес-коуч, спорттық коуч, білім берудегі коуч және басқа бағыттарда тренинг жүргізетін мамандардың сипаттамасы жазылған. Кәсіби стандарт – коучинг қызметін ұсынатын ұйымдарға, мамандарды оқытатын оқу орындарына және жұмыс берушілерге арналған. Сондай-ақ құжат сертификаттау мекемелері мен қызмет сапасын бақылайтын қауымдастықтардың жұмысын реттемек.
Бизнес-коуч – басқару дағдылары мен стратегиялық ойлауды дамытады
Мансап коучы – кәсіби мақсаттарды айқындап, жұмысқа орналасуға көмектеседі
Лайф-коуч – тұлғалық даму мен өмірлік тепе-теңдікті қалыптастырады
Командалық коуч – ұжымдағы тиімділік пен сенімді арттырады
Лидерлік коуч – топ-менеджерлердің көшбасшылық қасиетін шыңдайды
Денсаулық және әл-ауқат коучы – эмоционалды және физикалық күйді жақсартады (медицинаға араласпайды)
Кәсіпкерлер коучы – бизнесті дамытуға және қиындықтарды еңсеруге қолдау көрсетеді
Білім беру коучы – мұғалімдер мен оқушылардың әлеуетін ашады
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #коучтар #кәсіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz