Ерекше қажеттілігі бар атыраулық балалар кәсіптік білім алу мүмкіндігіне ие. Облыс орталығындағы колледждің бірінде алғашқы оқу-өндірістік комбинаты ашылды.
Онда менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектер кондитер, наубайханашы және тігін ісі мамандығын игереді. Қазір 14 пен 30 жас аралығындағы 30 адам оқуға қабылданды. Олар тоғыз айға созылатын курстан кейін мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. Мұндай оқу-өндірістік комбинаты Астана, Қарағанды және Оралда жұмыс істеп тұр. Кәсіптік оқытумен бүгінге дейін 130-дан аса адам қамтылған.
Самал Жұмашева, қала тұрғыны:
- Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Себебі біздің балаларымыз тек қана білім алып қоймай, сонымен қатар ертең өз нанын өзі тауып жесе, біз үшін үлкен жетістік. Енді қазіргі таңда менің балам осы «Кондитер» курсына түсіп, табалдырығын аттап, бұйырса 9 айдан кейін қажетті сертификатымызды алып, балам осы салада өзінің жолын табады деген тілектемін.
Нұрмұхамед Қартабаев, демеуші компанияның өкілі:
- Бүлдіршіндерімізге, ерекше балаларымызға алдағы уақытта өзінің жолын тауып, табыс тауып, ата-анасына көмек, тірек болады. Сондықтан бұл қолдау біз үшін өте маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #медицина #өндірістік комбинатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz